411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырған 2 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді

  • 152
  • UPD: 14:46, 31.03.2020
Коронавирус жұқтырған 2 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді

Бүгін Алматыдағы коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің соңғы талдауы шығады.

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифингте мәлімдеді.

«Екі жасар баланың денсаулығы жақсарды, бүгінгі күні қанағаттанарлық жағдайда. Бүгін соңғы талдауларын күтудеміз. Егер олар теріс нәтиже берсе, онда ауруханадан шығаруға дайынбыз», - деді Т.Әбілдаев.

Айтуынша, қазіргі уақытта қаладағы 66 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Ал 1 ересек адам ауыр хәлде жатыр. 9 ересек адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы