411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада карантин енгізілгелі 400-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды

  • 163
  • UPD: 15:51, 31.03.2020

Еліміздің бас шаһарында карантин енгізілгелі 400-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 86-сы қамалып, қалғандарына айыппұл салынды. Ал, кеше осы жұма жұмыссыз апта деп жарияланды. Бұл қаланың тыныс тіршілігіне қалай әсер етті?

Елордада карантин жарияланғанына 13 күн. Қалаға кіретін бақылау-өткізу бекеттерінде темірдей тәртіп орнаған. Тас жол арқылы тек азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдайтын және транзиттік жүк көліктері ғана өтеді. Мұнда келген әрбір жүргізушінің құжатынан бөлек әуелі қызуы тексеріледі. Талапқа сай келгені сапарын жалғастырады. Ал әкімдік бекітткен тізімде көлік нөмірі болмаса кері қайтуға мәжбүр.

Блиц:

- Теміртаудан елорданың ауруханаларына оттегі алып келемін. Құжаттарымызда қателік бар екен. Сондықтан тоқтатып тұр. Әкімшілк өкілдеріне хабарластым. Қазір барлығы реттеледі деп ойламын.

Ал қала ішіндегі көшелер қаңырап бос қалғандай. Бейсауыт жүрген адам да жоқ. Құрылыс нысандарында әдетте қайнап жататын тірлік тоқтаған.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Көрермендеріміз қалада құрылыс жұмыстарының тоқтамағаны туралы хабарлаған болатын. Осы мақсатта біз бірнеше құрылыс нысандарын аралап көрдік. Естеріңізде болса, кешеден бері елордада бір апта жұмыссыз апта деп жарияланған болатын.

Айта кету керек, егер құрылысшыларға жұмыс істейтін аумақтан жатақхана ұйымдастырылған болса, яғни, олар қоршаудың ішінен қалаға шықпаса, онда жұмысты жалғастыруға рұқсат етілген. Бірақ бізге мұндай нысан кездеспеді. Десе де, ереже бойынша шаһарда азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық. Тұрғындарға шұғыл тұрмыстық қажеттілік болмаса, үйден шығуға тыйым салынған.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы