411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда құтқару қызметінің мамандарына 30-дан аса жаңа көлік тарту етілді

  • 152
  • UPD: 16:25, 31.03.2020

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қатерлі індет дендеп бара жатқа тұста бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілік таныту қажет.

Сонда ғана қатерлі вирусты ауыздықтауға болатынын жұрт түсіне бастады. Алматыдағы көлік компанияларының бірі қаладағы әртүрлі құтқару қызметінің мамандарына 30-дан аса жаңа көлікті тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы дабыл қондырғылары орнатылған бұл көліктерді әкімшілік жанынан құрылған жедел штаб мамандары қажетті орындарға бөліп беруі тиіс. Жаңаның аты – жаңа. Мұндай көліктер қазіргі таңда жедел қызмет саласына ауадай қажет. Өйткені қауіпті індет күшейген сайын жедел қызметтің көмегіне жүгінетіндер саны артып отыр. Көлік компаниясының өкілдері алдағы уақытта тағы 20-ға жуық көлікті еліміздің өзге де аймақтарына жөнелтуді жоспарлап отыр.

Ерлік Орманұлы, қалалық ТҚСҚБ департаментінің бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда осы індетке қарсы біздің жұмысымыздың атқарылуы үшін, мамандардың ошақтарға жедел жетуі үшін осы жаңа автокөліктердің біздің басқармаға, мамандарымызға ауадай қажет еді. Сол үшін басшылыққа үлкен алғысымызды айтамыз.

Гайрат Джалолов, жоба жетекшісі:

Осындай қиын сәтте әрбір қазақстандық азамат елі үшін, отбасы үшін үлкен жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Ауызбіршілік болса, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Біз компания басшылығымен ақылдаса келе осы жобаны қолға алдық. Алдағы уақытта қауіпті індет кең тараған аймақтарға да қол ұшын берсек дейміз.

 

Хабар 24 телеарнасы