420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында аурухана қызметкері вирус жұқтырған

  • 426
  • UPD: 17:26, 31.03.2020
Ақмола облысында аурухана қызметкері вирус жұқтырған

Ақмола облысында бүгін таңертең «Ковид-19» анықталған азамат облыстық аурухананың көлік жүргізушісі болып шықты.

1984 жылы туған жігіт Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан номері екінші Ақмола облыстық ауруханасында қызмет атқарған. Белгілі болғандай, аталған адам жақында коронавирустан қайтыс болған әйелмен жұмыс бабымен байланысқан екен. Сол себепті де осыған дейін стационарлық карантинде жатқан. Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 19:00-ден бастап Ақмола облысы карантинге жабылады. Кешкі жаңалықтар топтамасында аймақтағы тілшіміз карантин ережелерін баяндайды.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Пациент қазір Нұр-Сұлтан қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде жатыр. Жалпы, қазір облыстық стационарларында 116 пациент бар. Олардың тек 10-ы ғана короновирус жұқтырған. Аталған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалғандары олармен байланыста болғандар. Ал үй карантинінде 238 адам бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы