411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СOVID-19 белгілері білінген ақтөбелік Египеттен оралған

  • 147
  • UPD: 17:27, 31.03.2020
СOVID-19 белгілері білінген ақтөбелік Египеттен оралған

Ақтөбеде тағы бір адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Египетте демалып, елге оралған азамат бұған дейін он күнге жуық үй каратинінде болған. Алайда денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем көмегімен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның денсаулығын тексерген дәрігерлер науқастың қауіпті індетке шалдыққанын анықтап отыр. Қазір онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы оқшауланып, жіті бақылауға алынған. Айта кетейік, бұған дейін де шетелден оралған екі ақтөбеліктен инфекция анықталған болатын. Бүгінде медицина мекемелерінде 200, ал үй карантинінде 500-ден астам адам жатыр. Өткен түннен бері облыс көлемінде қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазіргі жағдайы тұрақты. Қажетті көлемде вирусқа қарсы симптоматиялық емдер жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бүкіл ел төңірегінде атқарылып жатқан іс-шара жеке бас гигиенасын сақтау. Принциптерді сақтаса, ауруды жұқтырмай осы кезеңнен шығуға болады. Сондықтан осы кеңестің барлығын орындауларыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы