413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бір үйдің 8 адамы коронавирус жұқтырған

  • 890
  • UPD: 17:16, 31.03.2020
Қызылордада бір үйдің 8 адамы коронавирус жұқтырған

Қызылордада бүгін анықталған науқастардың барлығы – Жаңақорған ауданының тұрғындары.

Атап айтқанда, 8 азамат – бір үйдің тұрғыны. Олар 45 жас пен 6 жастың аралығында. Оның ішінде 3-еуі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұл туралы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, олар бұған дейін тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, карантинге алынған.

Облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды. Оның ішінде 101 адам тығыз қарым-қатынаста болған. Барлығы үй жағдайындағы бақылауға алынды.

Айта кетсек, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 10 жаңа жағдайы анықталды. Облыста барлығы 18 жағдай тіркелген.

Бұған дейін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасап, жауапқа тартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы