411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкер жұмысшыларын ақылы еңбек демалысына жіберіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті

  • 149
  • UPD: 19:00, 31.03.2020
Кәсіпкер жұмысшыларын ақылы еңбек демалысына жіберіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті

ШҚО-да кәсіпкер жұмысшыларын ақылы еңбек демалысына жіберіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылындағы «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы өз жұмысшыларына бірқатар көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Мамандар халыққа үйде отыр деп кеңес беруде. Осы ретте «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Людмила Ступак өз жұмысшыларының әрқайсысын 100 келі ұн, 10 келі қант, 10 литр күнбағыс майымен қамтамасыз етті. Барлығын ТЖ аяқталғанға дейін ақылы еңбек демалысына жіберіп, оларға жеке гигиена заттары мен дезинфекциялау құралдарын алуға 30 000 мың теңгеден берген», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.

Дорошенконың айтуынша, кәсіпкер әкімдікпен бірлесіп бірнеше мәрте пайдалануға болатын 1000 дана медициналық маска тігіп, ауыл тұрғындарына таратып берген.

Хабар 24 телеарнасы