411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы өткізу-бақылау бекеттеріндегі өмір

  • 198
  • UPD: 20:00, 31.03.2020

Өткізу-бақылау бекеттерінде кезекшілік атқаратын әскерилер 3 тәулік бойына үй қарасын көрмейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Төтенше жағдайдағы талап осындай.

Оқ өткізбейтін техника және мұздай қаруланған әскер. Елордадағы өткізу-бақылау бекеттерінде осындай көрініс. Яғни, полиция және медицина мамандарынан бөлек, мұнда келісімшартпен қызмет ететін әскери бөлім сарбаздары да кезекшілік атқарады. Тіпті, «олардың қажеті қанша?» деген сұрақ туындап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Сұрастыра келе төтенше жағдай жарияланған кездегі негізгі талаптардың бірі екенін түсіндік. Яғни, әскери қызметкерлер басқа сала өкілдері сияқты күні-түні дәл осы нысанның қауіпсіздігін қамтамамыз етуі міндетті.

Мирас Мұқашев, №68665 әскери бөлімінің аға сержанты:

– Қиын ештеңесі жоқ. Бәрің жақсы. Үйде болып жатырмыз. Отбасымызды көріп жатырмыз. Жігіттер шыдайды. Бір күн тұрамыз. Бір күн үйдеміз.

Бұл сарбаздар бекетті 3 күн бойына тапжылмай, келесі ауысым келгенше күзетеді. Тәртіптің күшеюіне байланысты осындай шара қолға алынды. Сәйкесінше, оларға қолайлы жағдай жасалған. Айтпақшы, арнайы техниканың ішінде де 2 маман күні-түні қызмет атқарады. Ал қолы қалт етіп босағандары арнайы шатырға барып демалады.

Аслан қаженов, тілші:

– Әскери шатырдың ішіне мынадай шағын пеш қойылған. Ол іштегі температураны бірқалыпты сақтап, әскери қызметкерлердің алаңсыз кезекішілік жүргізуіне арналған. Одан кейін мынау әскерилердің демалатын және тамақтанатын орындары. Ал мына жерде ақпараттық-танымдық бұрыш орналасқан.

Ғалымжан Жұмабаев, №68665 әскери бөлім командирінің орынбасары:

– Қойылған шатыр ішінде барлық жағдай жасалған. Мына жерде 3 мезгіл ас қабылдауға, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. 3 аусымдық кезекшіліктен кейін осы жерде демалады.

Короновирусқа қатысты елордада шұғыл шаралардың қолға алынғанына 10 күннен асты. Осы аралықта кезекшілікте жүрген мамандар төтенше жағдай қызметіне төселіп қалған. Ең бастысы, бүгінге дейін қару немесе арнайы техниканы қолданатындай заңбұзушылықтар болған жоқ дейді олар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Дәурен Жұрқабаев

Хабар 24 телеарнасы