411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарай бастады

  • 160
  • UPD: 21:12, 31.03.2020

Алматыда 26 бекет қойылғанын бұған дейін айтқан едік. Қазір осы бекеттердегі қызмет бір қалыпқа түскендей, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тұрғындар полиция қызметкерлерінің  жұмысына түсіністікпен қарай бастады. Алғашқы кездегідей ерсілі-қарсылы жүретін көлік нөпірі жоқ.

Қанат Таймерденов,  полиция департаментінің басшысы:

– Кешегімен салыстырғанда көлік аз. Халықтың көбі түсінікпен қарап жатыр. Өзіңіз көргендей үш жолақ жасадық. Қоғамдық көлік бір бөлек. Тоқтаусыз өтіп жатыр. Қалған екі жолақ тексеріледі. Бәріне түсініктеме жүргізіліп жатыр.

Қауіпті індетті таратпау мақсатында қолға алынған бұл жұмыстарды көпшілік  құптайды.  Дегенмен әлі де бейқам жүргендер бар. Тіпті кейбір көлік жүргізушілері мобильді полицияға құлақ аспай, бекетттерден айналып өткісі келеді.

Жандос Мұратәлиев,  ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Бұл мобильді патурль деген біз мысалы, бір жерде тұра бермеуіміз мүмкін. Екі күні болды, осы әл- Фараби даңғылын бақылап отырмыз. Қанша көлік жүріп жатыр. Артық көлік бар ма... Мысалы, қазір жұмысқа бара жатқан азаматтарды таңға жуық былай қарай өткіздік. Қайтарда кешке жақын былай өткіземіз деген сияқты.

Жалған ақпарат таратушылар да көбейген. Мысалы, сергек камералары арқылы айыппұл келді деген ақпарат шындыққа жанаспайды дейді мамандар.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Ол енді рас емес. Себебі біз тек «Сергек» камералары ғана емес, қаланың ішінде орнатылған бүкіл фото-бейне камералар арқылы мониторинг жасаймыз.  Олар айыппұл салмайды. Айыппұлды жеке біз, полиция қызметкерлері ғана сала алады.

Қалада тек қана арнайы штаб бекіткен яғни, тыныс- тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер ғана еш кедергісіз жүріп тұра алады. Ал мемлекеттік қызметкерлер немесе өзге де салаларда жұмыс істейтіндер арнайы анықтамасы болса ғана өз көліктерімен  жүре алады. Кеше барлық тұрғындарға  ескерту жасалды. Бүгіннен бастап төтенше жағдай режимін  бұзғандар әкімшілік кодекстің 785-ші бабы бойынша жазаланып, көліктері айыппұл тұрағына жіберіледі. Ал егер полиция жұмысына қандайда бір шағымдарыңыз болса 254 40 07 телефонына хабарласуға болады.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы