414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда төтенше жағдай талаптарын бұзудың 103 дерегі анықталды

  • 161
  • UPD: 20:14, 31.03.2020
Павлодарда төтенше жағдай талаптарын бұзудың 103 дерегі анықталды

Павлодарда тәртіпке көнбей жатқандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Облыс орталығындағы дәмханалардың бірі түнгі сағат оннан кейін жұмыс істеп келген. Тәртіп сақшылары келгенде онда 25 адам отырыпты. Бұл бір ғана мысал. Аймақ бойынша мұндай 103 дерек анықталып, 22  дәмхана мен мейрамхана иелері 5 тәулікке қамалды. Мұнда әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратушылар да бар. 

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

– Мұндай жағдай Ертіс ауданында да тіркелді. Әйел адам   мобильді қосымша арқылы ауданда  екі адам коронавирус жұқтырды деп дыбыстық  жазба жіберген. Шындыққа жанаспайтын  ақпаратты  тұрғындар ары қарай  таратқан. Аталған  оқиғаға байланысты  Ертіс аудандық соты  әкімшілік өндірістік іс қозғады. Жалған ақпарат таратқан 55 жастағы әйелге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы