399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да індетті өршітпеуге бағытталған шектеу шаралары енгізілді

  • 255
  • UPD: 22:05, 31.03.2020
ШҚО-да індетті өршітпеуге бағытталған шектеу шаралары енгізілді

Өскемен мен Семей қаласында да қосымша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Аталған шектеулер 2 сәуір, түнгі он екіден бастап күшіне енеді. Жалпы, өлкеде 15 блок бекет қойылады. Азық-түлік дүкендерінен басқа, ірі сауда орындары, сән салондарының қызметі тоқтатылады. Жасы 70-тен асқан қариялар мен 1-2 топ мүгедектеріне қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар үйлеріне жеткізілетін болады. Ал сәуірдің алтысынан бастап екі шаһардың тұрғындары көшеде рұқсат қағаз арқылы ғана жүріп тұрады.

Даниал Ахметов, Шығыс қазақстан облысының әкімі:

– Сонымен қатар бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін жасыл дәліз ашылады. Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтайды. Тек қызметтік көлікке рұқсат береміз, бір апта ішінде қоғамдық көлік  қызметі қысқартылады. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін жеке кесте бойынша жеткізетін болады. Алтыншы сәуірден бастап жеке көлік қозғалысы шектеледі.

Хабар 24 телеарнасы