412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

  • 208
  • UPD: 23:32, 31.03.2020
Павлодар облысында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Ертеңнен бастап Павлодар облысында да қауіпсіздік шаралары қолға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтқанда,  жол тораптарына  9 блок бекет орнатылды. Осылайша, шекаралас аймақтарға жолаушы тасымалы уақытша тоқтатылды. Елді мекендер арасында да жолаушы тасымалына шектеу бар. Тұрғындар түнгі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін үйінде болуы тиіс. Тек азық-түлік алу немесе медициналық көмек керек кезде ғана шығуға рұқсат. Дезинфекциялық жұмыстар барынша қолға алынады. 

Нұрлан Мәсімов, облыстық ПД бастығы:

– Облыс шекарасы бойынша қосымша төрт мобильді бекет орнатылады. Бұл – шекаралас облыстардың ауылдық жолдары арқылы жүретін көліктердің облыс аумағына кіргізбеуге арналған шаралар. Әр бекетте полиция қызметкерлері мен дезинфекциялық қызмет мамандары кезекшілік атқарады. Қазіргі таңда мамандар тобы дайын. Олар түсіндіру жұмыстарын қатар жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы