411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда үйінің алдында той жасаған азамат 10 тәулікке қамалды

  • 189
  • UPD: 23:31, 31.03.2020
Ақтауда үйінің алдында той жасаған азамат 10 тәулікке қамалды

Ақтауда көп қабатты үйдің ауласында той жасаған азамат 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол 28 наурыз күні отбасылық мерекені 3-ші шағын аудандағы баспанасы алдында атап өткен.  Сөйтіп төтенше жағдай тәртібін бұзған азамат жауапқа тартылды.  Айта кетейік, ақтаулық полицейлер 16 наурыздан бері түн ортасына дейін жұмыс істеген жиырмаға тарта көңіл көтеру орнын анықтады. Олардың иелеріне айыппұл салынып, кейбірі қамауға алынған. 

Еркін Елеусізов, қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары:

– 16 әртүрлі көңіл көтеру орындары мен мейрамханаларға жадығат жинақталса, соның қазіргі таңда 10-ы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына алынды. Атап айтатын болсақ, бесеуі әкімшілік қамаққа алынды. Ал бесеуіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Оның ішінде үшеуі бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Хабар 24 телеарнасы