405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жолдың барлық түріндегі жағдай туралы ақпарат беретін карта жасақталды

  • 228
  • UPD: 23:33, 31.03.2020
Елімізде жолдың барлық түріндегі жағдай туралы ақпарат беретін карта жасақталды

Елімізде қандай жолдар ашық яки, жабық екенін арнайы интерактивті картадан білуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қызыл түс карантиндегі шаһарларды білдіреді. Қосымшаның көмегімен азаматтарымыз көлік, әуе, темір жол бағытындағы жағдайды онлайн көреді. Мұның бәрі  ISMET.KZ порталында топтастырылған. Қажетті ақпаратты «Инфотранспорт» бөлімінен алуға болады. Мәліметтерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар жаңартып отырады.

Асқар Нұғыманов, ҚР ИИДМ басқармасының жетекшісі:

– Бұл жобаның әлеуметтік маңызы зор. Адамдар қандай жолдар ашық немесе жабық екенін үйінен шықпай анықтай алады. Қосымшаға еліміздің картасы енгізілді. Сайтта әуе, теміржол және көлік бағыттары деген айдарлар бар.

 

Хабар 24 телеарнасы