411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендер анықталды

  • 214
  • UPD: 09:21, 01.04.2020
Өскеменде азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендер анықталды Казинформ

Өскемендегі 8 бірдей бөлшек сауда орталығында кейбір азық-түліктің бағасы негізсіз көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мұны жүйелі рейд жүргізіп жүрген, белсенділерден құрылған жұмыс тобы анықтады. Қымбаттаған өнімдер арасында ұн, қант, жарма және макарон өнімдері бар. Олардың бағасы әдеттегіден 20 теңгеге дейін жоғары. Саудагерлер оған біз емес, сол тауарды жеткізіп отырған компаниялар жауапты деген уәж айтқан. Енді оның бүге-шігесі анықталады. Жұмыс тобы өнім бағасын өсірген сауда орындары мен оларды тауармен қамтитын кәсіпорындар туралы мәліметтерді тиісті органға жіберді.

Серік Оразбайұлы, жұмыс тобының өкілі:

– Мысалы, қант, бұйрық бойынша бұрын 180 теңге болса, қазір 340 теңгеге дейін көтеріпті. Соны біз міне, бүгін толтырып, фотосымен монополияға береміз, олар ары қарай барып тексереді.

 

Хабар 24 телеарнасы