412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10% өседі

  • 368
  • UPD: 08:28, 01.04.2020
Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10% өседі

Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 процентке өседі деді төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ел азаматтарына және бизнеске қолдау көрсету мақсатында осындай шешім қабылданғанын алға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы