411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин: он төртінші күн

  • 214
  • UPD: 16:14, 01.04.2020

Карантин енгізілгелі елорданың төтенше жағдай департаменті ерекше жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ауысымдағы құтқарушылар саны көбейді. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары да қабылданған.

Елордада жұмыссыз аптаның үшінші күні өтіп жатыр. Қаладағы ірі ойын-сауық орталықтары мен мекемелердің бірқатары жабық. Қоғамдық көлік тоқтаған. Саябақтар мен адам көп шоғырланатын орындар жабық. Көшеге азық-түлік немесе дәрі дәрмек үшін ғана шығуға болады. Ал қызмет бабымен жүргендерге арнайы анықтама берілген.

Карантин кезінде полиция, дәрігерлермен қатар төтенше жағдай қызметі мамандарының да жұмысы артты. Құтқарушылар бүгінде ерекше жұмыс кестесіне көшкен. Яғни әдеттегі ауысым 20 процентке көбейді. Ал демалыста отырғандар шұғыл шақыртуға дайын болуы шарт. Бірақ өзгенің өмірі үшін басын бәйгеге тігетін құтқарушылардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалмаған.

Бауыржан Сыздықов, қалалық ТЖД бастығы:

– Олардың отбасы, бала-шағасы бар. Бірінші ауысымнан шыққаннан кейін үйіне барып демалу керек қой. Бізде қатаң тәртіп бойынша екі рет сүртіледі.

Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тек өрт сөндіріп, адам құтқарумен ғана айналыспайды. Олар осы індеттің алдын алу үшін халықты ақпараттандыруға да күш салады.

Ал мынау – дағдарыс кезінде күш пен құрылдарды басқару орталығының кеңсесі. Мұндағы мамандар 112 және 101 нөміріне түскен қоңырауларға жауап береді. Тәулігіне мың-мың екі жүз қоңырау қабылданады. Соңғы күндері тұрғындардан карантин талаптарына байланысты сауал жиіліген. Сақтық үшін бөлме іші екі сағат сайын дезинфекцияланады. Мамандар бетперде және антисептикпен қамтылған.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы