411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қауіпті індетпен күресіп жатқан мамандарға арнайы автобустар бөлінді

  • 194
  • UPD: 11:11, 01.04.2020

Қала билігі дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін тасымалдау үшін 150-ден астам көлік қарастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тәулік бойы тыным таппай жұмыс істеп жатқан жандарға қызмет көрсетеді.

Автобус іші мұнтаздай болу керек. Мұны жүргізушілер жақсы түсінеді. Сондықтан жарғақ құлағы жастыққа тимей, жанталасып жұмыс істеп жатыр.  

Рафаэль Юнусов, автобус жүргізушісі:

– Қазіргі жағдайда бір-бірімізге көмек көрсетуіміз керек. Полиция қызметкерлерін таңертең және кешкі уақытта үйлеріне жеткізіп тастаймыз. Түсте де ауысымнан шығатын мамандар бар.

Дәрігерлердің де қызметі қауырт қазір. Қалада қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтаған. Бірақ медицина қызметкерлері үшін арнайы автобустар бөлінген. 

Шайзат Теміржанова, дәрігер:

– Таңертең алып келеді. Кейін жұмыстан шыққан соң қайтадан алып барады.

Шолпан Жұмашева, дезинфектор:

– Барлығын жақсы ұйымдастырған. Таңертең жұмысқа алып кетеді, кешке үйге дейін жеткізіп тастайды.

Қауіпті індетпен күресіп жатқан жандарға мұның өзі үлкен көмек. Қазір қалада 150-ден астам автобус тәртіп сақшыларын, дәрігерлер мен әкімшілік қызметкерлерін тасымалдап жүр. Ұзын-ырғасы 8 мыңнан аса адамға қызмет көрсетеді. Жүргізушілер де ауысыммен еңбек етуде.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Аманжол Байғазин

Хабар 24 телеарнасы