411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыссыз қалған қызметкерлер жәрдемақы ала бастады

  • 343
Жұмыссыз қалған қызметкерлер жәрдемақы ала бастады

Коронавирус індеті жеке кәсіпкерлерге ауыр соққы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығынға ұшыраған мекемелер қатарында жеке клиникалар да бар. Күшейтілген карантин режиміне байланысты қызметкерлер жұмыстан босатылып, табыссыз қалды. Сондықтан мемлекет тарапынан белгіленген 42500 теңге жәрдемақы қарапайым адамдар үшін әжептәуір көмек дейді кәсіпкерлер. Қазір күнкөрістен қағылған жандардың алғашқы легі тиісті ақшасын ала бастады.

Еркін Адасбаев, жекеменшік клиника директоры:

– Қосымша қандай құжаттар керек. Бұйрықтың үзінді көшірмесі, істейтін адамдардың тізімін дайындап, бір күннің ішінде тапсырдық. Сол күні комиссия қарап, кешеден бері жұмыскерлеріміз тәртіп бойынша ақшаларын ала бастады.

Хабар 24 телеарнасы