419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

  • 425
  • UPD: 10:41, 01.04.2020
Ресейде коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Мәскеуде коронавирус диагнозы қойылған тағы бес адам қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Мәскеуде пневмония және коронавирус инфекциясы диагнозы расталған бес пациент көз жұмды. Егде жастағы пациенттердің барлығының созылмалы аурулары болған», - деп хабарлады Мәскеуде коронавируспен байланысты жағдайды бақылау және мониторингілеу жөніндегі жедел штаб өкілдері.

Қайтыс болған пациенттердің жасы 61-74 аралығында болған. Олардың төртеуі өкпені жасанды дем алдыру аппаратына қосылған. Бұрынғы аурулар арасында кардиосклероз, гипертониялық ауру, өкпенің созылмалы өткір дерті болған. Үш науқас қант диабетімен ауырды. Пациенттердің бірінде онкологиялық ауру болды», - деп нақтыланады хабарламада.

Жедел штаб Мәскеудің барлық тұрғындарына өзін өзі оқшаулау режимін ұстану қажеттілігі туралы тағы еске салды.

Хабар 24 телеарнасы