432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды

  • 510
  • UPD: 11:30, 01.04.2020
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне депутат Бейбіт Мамраев сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Комитет төрағасы лауазымына Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың кандидатурасын ұсынамын. Б. Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы Мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған комитеттің төрағасы қызметін Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова атқарған болатын.

Таяуда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы