419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шу ауданының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

  • 724
  • UPD: 11:41, 01.04.2020
Шу ауданының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды Polisia.kz

Жамбыл облысында карантинге байланысты жалған ақпарат таратқан тұрғын 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,  деп хабарлады Polisia.kz.

Ол әлеуметтік желілер арқылы «30 наурыздан бастап Шу ресми түрде карантинге жабылады» деген мазмұнда ақпарат жариялаған.

Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған әйел өзінің кәнісін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы