413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы тұрғын үй кешенінің карантинге жабылғаны рас па?

  • 175
  • UPD: 16:12, 01.04.2020

Әлеуметтік желіде елордадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешінінің 7-блогын карантинге жапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір үйдің кіреберісін полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Үйдің тұрғындарын сыртқа шығармайды. Сырттан кіруге рұқсат жоқ. Шынында да кіреберіс есік жабылған. Алайда полиция департаменті әлі ресми ақпарат жариялаған жоқ. 7-блокта барлығы 57 пәтер бар. Алайда жақында пайдалануға берілгендіктен, тек 6 отбасы қоныстанып үлгерген. Қалғандары бос тұр. Терезе арқылы тілдескен тұрғынның айтуынша, дәл қазір үйдегі пәтерлердің бірінде су кетіп жатыр. Сондықтан сантехниктің қызметі қажет. Күзетте тұрған полиция қызметкері сантехниктің арнайы қорғаныш киімімен кіре алатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы