412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлға кіретін жолдар қатаң бақылауға алынды

  • 145
  • UPD: 14:56, 01.04.2020

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты еліміздің солтүстігінде де қосымша шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеселдің таралуына жол бермес үшін түнгі сағат 00:00-ден Петропавл қаласына кіретін жолдар қатаң бақылауға алынды.

Біз қазір Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылы маңындағы блок бекетте тұрмыз. Аталған елді мекен облыс орталығынан 13 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде осы Бескөл, Якорь, Прибрежное, Якорь, Мечурино, Березовка, сынды қала маңындағы ауылдар карантиндік аумаққа еніп отыр.

Жалпы Петропавл қаласын қоршай осындай 6 бекет қойылды. Қазір бұл жерлерде эпедемиологтар, тәртіп сақшылары және ветеринарлар кезекшілікте. Облыс орталығына тек азық-түлік, ауылшаруашылық тауарларымен дәрі-дәрмек тасымалдаушылар ғана кіре алады. Оның өзінде жауаптылар оларды жіті тексереді. Жүргізушінің дене қызуын қарайды. Арнайы сауалнама толтырады. Ал түнгі уақытта мұнда қозғалыс мүлдем тоқтатылады.

Жалпы бүгіннен бастап, Петропавлда кәмелеттік жасқа толмағандардың көшеде өздігімен жүріп тұруларына тыйым салынды. Қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмыстарын тоқтатты. Балабақшалар да жабылды. Тек азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, дәріхана, автоқосалқы бөлшектар мен құрылыс материалдарын сататын дүкендерге ғана жұмыстарын жалғастыра береді. Тұрғындардың кешкі уақытта көшеде жүрулеріне де шектеу қойылып отыр. Қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарды. Ал залалсыздандыру жұмыстары күнде жүргізлетін болады.

Хабар 24 телеарнасы