419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда дәріхана иелері тегін бетперде таратты

  • 521
Талдықорғанда дәріхана иелері тегін бетперде таратты

«Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясына Талдықорғандағы дәріхана иелері де өз үлесін қосуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейірімді жандар соғыс ардагерлерінің үйіне барып қан қысымын өлшейтін құрал мен антисептикалық сұйықтықтарды тарту етті. Ал тұрмысы төмен мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына медициналық бетпердені тегін таратты. 5 мың маска жұмыспен қамту орталығының мамандары бекіткен тізімдегілерге үлестірілді. Осындай қамқорлық арқылы белсенділер қоғамның ең әлжуаз тобын жұқпалы індеттен сақтандыруды көздеп отыр. Бүгінгі күнге дейін «Біз біргеміз» жобасы аясында облыстағы 600-ден аса отбасыға әртүрлі көмек көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы