413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

  • 191
  • UPD: 14:09, 01.04.2020
Елордада 15 тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда әртүрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды.

Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, деп хабарлайды astana.gov.kz. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды. Зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша кіреберіс карантиннен алынады.

Қазақстанда коронавирустан сауыққандардың саны 24 адамды құрайды,оның 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында.

Хабар 24 телеарнасы