411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 2 жасар бүлдіршін коронавирустан сауығып шықты

  • 3139
  • UPD: 14:40, 01.04.2020
Алматыда 2 жасар бүлдіршін коронавирустан сауығып шықты

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адам инфекциялық стационардан емделіп шықты, деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың біреуі – екі жасар бүлдіршін. Кеше оның денсаулығы жақсарғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ауруханадан шығарылған пациенттер үй жағдайында 14 күндік карантинде болады.

Елімізде коронавирустан айығып шыққандардың жалпы саны 26-ға жетті. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 369 адам тіркелді. Көз жұмғандар саны – үшеу.

Хабар 24 телеарнасы