424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер үшін жеке мәртебе белгіленеді

  • 392
  • UPD: 16:02, 01.04.2020

Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде жәрдемақы мен зейнетақыны 10 процентке индексациялау қажеттігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен еңбектен қол үзіп қалғандар да назардан тыс қалмайды деді. Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президент тапсырмаларын заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуге әзір екендіктерін жеткізді. Төменгі палата өкілдері де қазіргі төтенше жағдайға және дағдарысқа қарсы іс-шараларға байланысты қолға алған бастамаларды толығымен қолдайтынын жеткізді. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бұл қазіргі уақытта өте керекті шаралар, ең алдымен экономикамыздың тірегі – шағын және орта бизнесті күшейтуге арналып отыр. Сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік жағдайын да одан әрі тұрақты ұстауға бағытталған. Сол үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Бұл – қазақстандықтарды уақытша қиындықтан аман алып шығу үшін мемлекет тарапынан жасалған тағы бір нақты қадам.

Енді еліміздегі соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бір заң аясында реттеледі. Парламент мәжілісінің депутаттары «Ардагерлер туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. Ардагерлер 5 әлеуметтік санатта қорғалады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер үшін жеке мәртебе белгіленеді. Бұдан басқа, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерін орындаған әскерилерді басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің дербес санатына жатқызу ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы