399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Аntikor» қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 246
  • UPD: 16:06, 01.04.2020

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Аntikor» қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба Президент жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асып отыр. Бұл еліміздегі «Оpen Space» форматында жұмыс істей бастаған он төртінші орталық.  

Облыс тұрғындары енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті мамандарына емін еркін жолыға алады. Мекемеге кірерде бұрыңғыдай тексерістен өтіп, ұялы телефоны мен компьютерін тастап кетуге мәжбүр болмайды. Ашықтыққа негізделген орталық төтенше жағдайға байланысты онлайн жүйесінде де қызмет көрсетеді.

Асқар Садықов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Біз өзіміздің беретін көмегімізді онлайн конференция, онлайн желі арқылы беріп отырмыз. Одан бөлек, саІІ-орталықтың 1424 нөмірі арқылы тұрғындар хабарласуларына болады.

Орталықта оншақты адам жұмыс істейді. Мамандар мекемеге келген әрбір тұрғынды кіре берісте қарсы алып, өтінішін қабылдайды. Қажетінше құқықтық кеңес береді. Ғимаратта келушілермен қатар қызметкерлерге де қолайлы жағдай жасалған. 

Жандос Жұмабаев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Бұл ғимаратта кеңсе бөлімінің қызметкерлері, алдын алу және парасаттылық басқармасының қызметкерлері жайғасады. Мұның басты мақсаты – құқық қорғау органдарының саласы ретінде біздің халыққа жақындығымызды, ашықтығымызды көрсетеді.

Департамент қызметкерлері бармақ басты көз қысты әрекетердің алдын алу мақсатында «Жетісу адалдық алаңы», «Адал ұрпақ» сынды 14 жобаны жүзеге асырып келеді. Соған қатысты жиындардың барлығы осы ғимартатта көпшіліктің қатысуымен өтеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік мекеменің қоғаммен байланысын жақсартып, ел сенімінің артуына сеп болмақ.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы