399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

  • 142
  • UPD: 15:33, 01.04.2020
Қостанай облысында жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

Қостанай облысында 6 сәуірден бастап жолаушылар пойыздары толық тоқталады.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Челябі; Нұр-Сұлтан – Атырау (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан-Атырау; Нұр-Сұлтан – Орал (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан – Орал; Барановичи – Қарағанды; Арқалық – Нұр-Сұлтан; Орал – Алматы-2 бағыттары бойынша пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Ал Қостанай – Алматы пойызы Отар станциясына дейін қысқартылды. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласы аялдамасына дейін бармайды. Қостанай – Қарағанды бағыты бойынша соңғы рейс 2020 жылдың 1 сәуірі күні жүргізіледі. Қостанай – Арқалық жолаушылар рейсі 2020 жылдың 2 сәуірі күні Арқалық қаласынан жүреді. Маңғышлақ – Нұр-Сұлтан бағыты Атбасар станциясына дейін қысқартылды», - делінген басқарма ақпаратында.

6 сәуірде өңірде жолаушылар пойыздары толық тоқтатылады.

Оның ішінде Қостанай қаласы маңындағы бағыттар да бар. Олар:

Новоишимская – Қостанай,

Арқалық – Шұбаркөл,

Қостанай – Кайрақ,

Қостанай – Жітіқара,

Тобыл – Әйтеке Би,

Әйтеке-Би – Тобыл,

Құсмұрын – Есіл,

Құсмұрын – Тобыл,

Тобыл – Елімай.

Алдын ала билет сатып алғандар үшін қаражат қайтарылады. Ол үшін жергілікті теміржол вокзалдарының кассаларына жүгіну қажет.

Хабар 24 телеарнасы