411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев Қазақстан коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсағанын айтты

  • 177
  • UPD: 18:16, 01.04.2020
Д.Абаев Қазақстан коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсағанын айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күреске үкіметтен 23,5 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Д.Абаев бұл қаржы дәрі-дәрмек, зертханалық құрал-жабықтар сатып алуға және еліміздің азаматтарын эвакуация жасауға жұмсалғанын алға тартты.

«Коронавируспен күреске үкіметтен үш рет қаржы бөлінді. Біріншісі – 2020 жылдың 29 қаңтары – 1 млрд 609 млн теңге, екіншісі – 21 ақпанда, оның көлемі – 428 млн 227 мың теңге, үшіншісі – 25 наурызда, бұл жолы 21 млрд 430 млн 635 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы дәрі-дәрмек, зертханалық құрал-жабықтар, бетперделер мен қолғаптарға, сондай-ақ қорғаныш киімдеріне жұмсалды. Зарарсыздандыру заттары да сатып алынды. Одан қалды қазақстандық азаматтарды эвакуацияладық», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы