399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 42 500 теңге төлем алуға арналған арнайы сайт ашылады

  • 480
  • UPD: 18:26, 01.04.2020
Елімізде 42 500 теңге төлем алуға арналған арнайы сайт ашылады

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты табыссыз қалған адамдарға берілетін 42 500 теңге төлемді алуға өтініш беру жеңілдетілді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді.

Біріншісі – электрондық үкіметтің egov.kz сайты. Ол жерде электронды өтініш толтыруға мүмкіндік бар. Алғашында талап етілгендей өтінішті немесе басқа құжаттарды тіркеу туралы талап алынып тасталды. Электронды өтініште тек азаматтар өзі туралы мәліметтерді жазса жеткілікті: аты-жөні, ЖСН және есепшот нөмірі. Ол жерде ЭЦП-мен қол қойылады, сонымен қатар SMS арқылы құпия код алып, қолтаңбаны растауға болады.

«Электрондық үкімет порталына кірушілер өте көп болғандықтан көп адам порталға кіре алмай жатыр. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БТС компаниясымен бірлесіп, ертең таңертеңге дейін 42 500 теңге төлем алушыларға арнайы сайт ашады. Ол сайтта азаматтар өтініш береді, өзі туралы мәліметтері енгізеді және онда ЭЦП арқылы емес, SMS арқылы пароль алып, қолын қояды», - деді министр.

Үшінші жолы сайтқа кіру үшін компьютері жоқ азаматтарға арналған. Ол үшін Тelegram Вot іске қосылатынын айтып өтті.  Яғни, Telegram желісінде 42 500 төлем алу жөнінде қызмет болады. Ол жерге азаматтар өзі туралы мәліметтерді, ЖСН, есепшот нөмірін енгізіп, SMS құпия код арқылы қолтаңбаны растай алады.

«Осы техникалық шешімдерді іске асыруға бар күшімізді жұмсаудамыз. Ертең таңертең сайт іске қосылады. Ол қандай сайт, қай жерге қалай кіру екендігі бүгін кешке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында және Facebook -тегі парақшасында жарияланады», - деді министр.

42 500 теңге төлемді кімдер алады:

– жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер;

– өз-өзіне ресми түрде жұмыс істегендер;

– өз-өзіне бейресми түрде жұмыс істегендер (мысалы, такси жүргізушісі, бала күтуші және т.б.).

Хабар 24 телеарнасы