411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 19-ға жетті

  • 245
  • UPD: 20:36, 01.04.2020
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 19-ға жетті

Індет жұқтырған тағы 3 адам Ақмола облысында тiркелдi, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, өңірде жұқпалы ауруды жұқтырғандар саны 19-ға жетті. Осы уақытқа дейінгі деректер бойынша сырқаттанғандардың бірі – облыстық аурухана жанындағы емхананың санитарлық қызметкері. 1962 жылы туған әйел, облыс орталығының тұрғыны. Ол дәрігерге өзі жүгінген. Кеше сараптамалары тапсырылып, бүгін нәтижесінде оның да вирус жұқтырғаны белгілі болған. Қазір онымен бірге жұмыс істейтін 35 адам және отбасының 4 мүшесі карантинге жатқызылған.

Ол әйелден бөлек, облыс бойынша тағы 4 адамнан коронавирус анықталған еді. Олардың екеуі Қоянды, ал қалған екеуі Қосшы ауылдарынан. Барлығы да вируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған. «Енді олармен байланысқа түскендер анықталып жатыр», - дейді санитарлық дәрігерлер.

Сүлен Ілиясов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Облыстық аурухананың емханасы қазір карантинге жабылып, эпидемиологиялық зерттеу басталды. Ал, коронавирус анықталған пациенттер облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Хабар 24 телеарнасы