411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болған 73 адам карантинге жабылды

  • 156
  • UPD: 20:39, 01.04.2020
СҚО-да коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болған 73 адам карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында үшінші адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Петропавл қаласының тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке бокста ем қабылдап жатыр. Әзірге науқас әйелдің бұл індетті қайдан жұқтырғаны белгісіз. Қазіргі таңда онымен жақын байланыста болған 73 адам карантинге жабылды. Дәрігерлер олардан да анализ алып, ауру анықталмады. Санитар мамандар науқас тұрған подъезді зарарсыздандырып, тұрғындарға үйден кіріп-шығуға тыйым салынды.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Қазір науқастың жағдайын орташа деуге болады. Ем белгіленген тәртіп бойынша жалғасып жатыр. Қазір санитар мамандар оның ауруды қайдан жұқтырғанын анықтау үстінде.

Хабар 24 телеарнасы