411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш науқас ем қабылдап жатыр

  • 177
  • UPD: 20:47, 01.04.2020
Атырауда коронавирус жұқтырған тағы үш науқас ем қабылдап жатыр

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адамның анықталғаны туралы алдыңғы жаңалықтарда хабарлаған едік.

Олардың бірі – 37 жастағы азамат науқас тұрғынмен қарым-қатынаста болған. Қазір жұқтырушы Орал қаласында емделіп жатыр. Екіншісі – 20 жастағы жас жігіт 27 наурызда Ыстамбұл – Атырау әуе рейсімен ұшып келген жолаушы. Ол тұмаудың белгісімен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Кейін сынама нәтижесінде коронавирус анықталды. Ал, үшінші науқас алыс ауданның тұрғыны болып шықты. Бұлардың барлығы оқшауландырылып, ем қабылдап жатыр. Мамандар үшінші науқастың жұқпалы дертті қайдан, қалай жұқтырғанын анықтау үстінде. Соған орай сақтық шаралары күшейтілді.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

Үшінші науқас туралы айтатын болсақ, 28 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғыны ЖРВИ белгілерімен облыстық ауруханаға жүгінген. Ол әйелден коронавирус сынағы алынып, инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазіргі уақытта пациентпен байланыс жасағандардың тізімі жасақталды. Сонымен қатар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен облыстық аурухана екі күндік карантинге жабылды.

Хабар 24 телеарнасы