427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте індет жұқтырған үшінші азамат туралы жаңа деректер белгілі болды

  • 410
  • UPD: 21:51, 01.04.2020
Шымкентте індет жұқтырған үшінші азамат туралы жаңа деректер белгілі болды

Шымкентте коронавирус жұқтырған үшінші азамат туралы жаңа деректер белгілі болды.

Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен баспасөз жиынында айтылды.

«51 жастағы ер азамат қаладағы Абай ауданының тұрғыны. Ол қолайсыз елдер санатына жататын мемлекеттерге шықпаған, үйінде болған», - дейді қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Қошқарұлы. Дегенмен, науқастың үйіне 14 наурыз күні Дубайдан ұлы ұшып келген. Санитар мамандардың айтуынша, шетелден келген отбасының мүшесі вирусқа қарсы сынама тапсырып, тексеруден өткен. Бірақ тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Азамат 14 күн бойы үйінде оқшауланған. «Ал әкесіне індет ұлынан жұғуы мүмкін», - дейді ақ халаттылар. Қазі онымен қарым-қатынаста болған 78 адам анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Бұл кісі өзін 21 наурыздан бастап аурумын деп санайды. Бірақ 21нен бастап аурумын деп санағанымен, ол кісіде ол кезде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмаған. Сосын қызуы көтерілген, өкпесінің жұмысына шағымданған. 78 адамның барлығы табылды. Қазір сол 78-дің барлығын, соның ішінде 68-і стационарға емдеу мекемесіне жатқызылды. Ал 10үйде бақылауға алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы