418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ: тест тапсырған әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған

  • 365
  • UPD: 22:13, 01.04.2020

Отандық мамандар қауіпті індетті анықтау үшін 33 мың тесттің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде әрбір 89-шы адамнан коронавирус анықталған. Мұндай мәліметпен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бөлісті. Әзірше дәрігерлер нақты диагноз қою үшін қолданыстағы сынамаларға иек артады. Алдағы уақытта елімізге экспресс-тестілер әкеледі екен. Жалпы осы коронавирусты қалай анықтайды, оған қарсы тойтарыс бере алатын иммунитет бар ма?

Қазір елімізде вирусты анықтайтын арнайы тестілер бар. Бір қарағанда, кәнігі анализ алатын құрылғы дерсіз. Олай емес. Коронавирусқа қарсы сынаманы мұрын қуысы арқылы, жұтқыншақтан алады. Нәтиже 6 сағат көлемінде шығады. Ең тиімді жолы осы. Әрі бұл әдісті әлем елдері қолданады.

Бауыржан Жүсіпов, Қр денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша штаб басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда бұл тест жүйесін алмастыратын нұсқа жоқ. Егер біз сынақтар туралы айтатын болсақ, олар ағзаға қарсы денелерді анықтайды. Олар тиісті нәтижені көрсету үшін ұзақ уақытты алады.

Елімізге алдағы уақытта қан арқылы ауруды анықтайтын экспресс-тестілер жеткізіледі. Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай сынамаларды сатып алуға қалталы азаматтар жәрдемдескен. Алайда, дәрігерлер бұл құрылғылар «вирусты лезде анықтайды» дегенге күмән келтіреді. Себебі, басқа-басқа, коронавирусты 6 күннен ерте анықтау мүмкін емес. Сондықтан жедел сынамалар жеке зертханаларға беріледі екен.

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша штаб басшысының орынбасары

Мен бұл құрылғы туралы былай айтар едім. Олар белгілі уақыт аралығында адамдарды күдіктен арылтады. Себебі ол сезімтал емес. Және жалған нәтиже көрсетуі де ықтимал. Бірақ сіздің иммунитетіңіз мықты болса, бұл аурудан алшақ болуыңыз мүмкін. Міне, осы мәлімет шындыққа жанасады.

Сонымен коронавирусқа қарсы вакцина әзірлене ме? Бұл сұрақ қоғамда қызу талқыға түскелі қашан. «Біздің ел Қытай тәжірибесін ескеріп, індетке тойтарыс беруге болады», деп болжап отыр

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша штаб басшысының орынбасары

Қазір адамдар арасында коронавирусқа қарсы иммунитет әзірленіп жатыр деген түсінік қалыптасты. Бірақ бұл ауруды қысқамерзімді әлде өміршең деп нақты айту әлі ерте. Осы дертпен бірінші болып күрескен Қытай елінің мамандары қайта жұқтыру мүмкін емес деп отыр. Егер бар делінсе, онда алғашқы сынақ жүйелері қателескен болып тұр.

COVID-19 пандемиясы тұмаудың өршитін кезеңінде пайда болды. Сондықтан суық тигізген кез келген адамның «коронавирусқа шалдықтым», деп үрейленуі заңдылық. Алайда, еліміздегі барлық азаматтарды жіті тексеру жоспарда жоқ. Тек қауіптің алғашқы белгілері пайда болса ғана тест алынады.

Авторлары: Бірлік Берікұлы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы