414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қосымша айып тұрақтары пайда болады

  • 168
  • UPD: 22:17, 01.04.2020
Елордада қосымша айып тұрақтары пайда болады

Яғни, қаланың 4 ауданында уақытша көлік қоятын орындар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені қазір жұмыс жасап тұрған қос тұрақ темір тұлпарларға лық толы. Соңғы 2 күннің өзінде бұнда 50-ге жуық көлік әкелінген. Яғни, тәртіптің күшейтілгеніне қарамастан, жол ережесін өрескел бұзатындар саны азаймай тұр. Осыған байланысты көлік қозғалысын бақылау тетіктері де күшейтілді. Оның ішінде айып тұрақтарының орнын арттырып, «Сергек» бейнекамераларын белсенді қолдану жоспарланып отыр.

Бауыржан Тоқжұманов, қалалық полиция департаментінің аға инспекторы:

Бейнекамералар көмегімен бағытын қарап, көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда тек қана түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері 2000 көлік жүргізушісі мен 200 жаяу жүргіншіге түсіндірме жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы