411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

  • 292
  • UPD: 22:43, 01.04.2020
Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Жамбыл облысында жалған ақпар таратқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес ол әлеуметтік желі арқылы 30 наурыз дүйсенбіден бастап «Шу ресми карантинге жабылады» деген хабарлама таратқан. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, заң бұзған адам анықталды. Ол Шу қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ұсталған әйел істегенін мойындады. Оның үстінен төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпар таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.  Енді ол заң аясында жауапқа тартылатын болды.

Нұрбол Сағындықов, облыстық пд тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Аталған баптың санкциясына сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми мәліметтерге сенуді сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы