loader

Семейліктер қалада тек рұқсат қағазымен жүре алады

Семейліктер қалада тек рұқсат қағазымен жүре алады

Семейліктер бүгін түнгі 00:00-ден бастап тек рұқсат қағаздармен ғана қозғала алады.

Қалада қауіпті індеттің алдын алып, таралмауын қадағалау мақсатында қосымша шектеулер қойылды. 350 мыңға жуық халқы бар шаһарда қазір арнайы рұқсатнамаларды тарату жұмыстары басталып кетті. Бұл құжатпен әрбір үйдің не болмаса пәтердің тек бір тұрғыны ғана аптасына 3 рет дүкенге не болмаса дәріханаға шыға алады. Шектеулер дәрігерлер мен полицейлерге, коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына кедергі келтірмейді. Қоғамдық көлік қызметі де біртіндеп шектеледі. Ал жұмысқа баруы тиіс азаматтар тек қызметтік көлікпен ұйымдасқан түрде қатынауы тиіс. Жекеменшік көлік иелері өзіне тиесілі аумақта ғана белгіленген шартпен қозғалады. Қалаға кіріп-шығу да шектеліп, 8 блок-бекет ұйымдастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, қалада 28-наурызда екі адамнан COVID-19 дерті анықталған болатын. Қазір олар тиісті емін алып жатыр.
Ермак Сәлімов, қала әкімі:
- Бірінші кезекте шаһар 202 аумаққа бөлінеді. Және ондағы қозғалыстың бәрін полиция басқармасы мен Ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік бақылау жасайды. Шектеулер сәуірдің 2-сінен басталғанымен, 6-сына дейін түсіндіру жұмыстары жүреді. Қосымша сұрақтар мен мәселелер болса, оның бәрін жұмыс барысында шешеміз.

Сондай-ақ...