411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда шектеу шаралары күшіне енді

  • 151
  • UPD: 23:45, 01.04.2020
Петропавлда шектеу шаралары күшіне енді

Петропавлда қосымша шектеу шаралары күшіне енді.

Қазір шаһарды қоршай 6 арнайы блок-бекет орнатылған. Онда 400-ге жуық тәртіп сақшысы, эпидемиологтар, ветеринарлар мен дәрігерлер кезекшілік жасап жатыр. Бұл жерлерден облыс орталығына тек азық-түлік, ауыл шаруашылығы тауарлары мен дәрі-дәрмек тасымалдаушылар кіре алады. Оның өзінде жауаптылар оларды жіті тексерістен өткізеді. Ал түнгі уақытта мұнда қозғалыс мүлдем тоқтатылады. Мұнымен қоса шаһарда барлық қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатты. Балабақшалар жабылды. Ал кешкі уақытта тұрғындардың себепсіз үйден шығуына тыйым салынды.
Қанат Айтбаев, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:
- 6 бекеттен өткен түнде 838 автокөлік өтті. Оның ішінде 1132 азамат өтті. Тәртіп бұзылған фактілер болған емес. Жалпы айта кету қажет, азаматтардың көзқарастары дұрыс. Ешқандай наразылық, жаман ойлар, жаман пікірлер болған емес. Бәрі түсіністікпен қарап, біздің қойған сұрақтарымызға жауап беріп, біздің жасап жатқан міндеттерімізге дұрыс қарап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы