418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге алдағы уақытта тағы да Қытайдан медициналық қорғаныс құралдары келеді

  • 375
  • UPD: 10:07, 02.04.2020
Елімізге алдағы уақытта тағы да Қытайдан медициналық қорғаныс құралдары келеді

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша қытай тарапының Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына бірінші гуманитарлық көмектің партиясы келіп, оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім кіреді.

Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде.

Алматы әуежайында жүкті «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР бас консулдығы өкілдері күтіп алды.

Ақпарат көзі: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Хабар 24 телеарнасы