421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Аңдар менің достарым» атты сурет және эссе байқауы басталды

  • 377
  • UPD: 11:40, 02.04.2020
Елімізде «Аңдар менің достарым» атты сурет және эссе байқауы басталды

Табиғатты қорғау – балалар шығармашылығында. Елімізде «Аңдар менің достарым» атты сурет және эссе байқауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мемлекет басшысының қолдауымен балалар құқын қорғау уәкілдігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға еліміздегі 6 мен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Мейірім мен адамгершілік бала кезден қалыптасатын қасиет. Өсе келе қоршаған ортаны қорғау, қамқор болу, соның көрінісі. Жас қылқалам шеберлерінің байқауы арқылы, үлкендерге ой салуды, мақсат тұттық, дейді ұйымдастырушылар. Яғни, айналаға балалардың көзқарасымен қарап, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты түзеу. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар, қаладағы қорғансыз аңдар оларға көмектесу тақырыбындағы суреттер мен эсселерді, 30-шы маусымға дейін  жолдай алады. Барлық ақпаратты ALEM BALA.KZ сайтынан көруге болады.

Аружан Саин, Қазақстандағы балалар құқын қорғау бойынша уәкілетті өкіл:

– Жеңімпаздар 4 жас санаты бойынша анықталады. Байқауды қорытындылау 2020 жылдың 5 шілдесінде өтеді. Жаздың соңында өтетін салтанатты рәсімде жеңімпаздардың аты аталады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылардың жұмыстары еліміздің барлық аймағындағы орталық көшелеріндегі бильбордтарға орналастырылады.

 

Хабар 24 телеарнасы