428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы зауыт ұн экспортын тоқтатты

  • 533
  • UPD: 14:16, 02.04.2020
Түркістан облысындағы зауыт ұн экспортын тоқтатты

Түркістан облысындағы ұн өнімдерін шығаратын зауыт елдегі төтенше жағдайға байланысты ұн экспортын мүлдем тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ордабасы ауданында орналасқан кәсіпорын өнімінің барлық түрін тек ішкі нарыққа жіберіп жатыр. Күн сайын облыстың аудан-қалалары мен Шымкент шаһарына үш жарым мың тоннадан аса ұн өнімдерін шығарады.

«Бұл өңірдегі азық-түлік қорын өз деңгейінде ұстап тұруға және нан бағасының өспеуіне ықпал етеді», – дейді зауыт директоры. Бауыржан Сапарымбетовтің айтуынша, елдегі нан бағасын тұрақтандыру үшін бидайды да шетелге сатуға шектеу қою керек деп есептейді.

Бауыржан Сапарымбетов, ұн зауытының директоры:

– Қазір ұнға тыйым салынды, бірақ бидайға тыйым салынған жоқ. Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан мен Түрікменстанның диірменшілері біздің бидайды долларға сатып алып кетіп қалады. Ұнның бағасы түспейді. Ұнға тыйым салған сияқты, бидайға да тыйым салынсын. Сонда жақсы болады. Ұнның бағасы бір аптада түседі. Қазір бәрі тынышталды, ешкім ұн керек деп жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы