428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік көмек бойынша өтініш қабылдайтын қосымша істемей тұр

  • 579
  • UPD: 15:24, 02.04.2020
Әлеуметтік көмек бойынша өтініш қабылдайтын қосымша істемей тұр

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл төлемді алу тәртібін баяндап берген еді. Egov порталының жүктемесі тым көп, сондықтан тұрғындардың өтініш беру үшін арнайы сайт жұмыс істейтінін де айтты. Ал сайтқа немесе Egov-қа кіру мүміндігі жоқ адамдарға бүгіннен бастап Telegram-ботты пайдалану ұсынылады деді министр. Алайда бұл қосымша арқылы әлеуметтік төлем алуға өтініш беру мүмкін болмай тұр. Себебі Telegram-бот техникалық себептермен жұмыс істемейді. Қосымшаның қашан іске қосылатынын білу үшін біздің тілшілер министрлікке хабарласты. Бірақ ведомство өкілдері бұл мәселеге қатысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар»  компаниясына сілтеме жасады. Өз кезегінде, Telegram-боттың жұмысын реттейтін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы да мардымды жауап берген жоқ. Тек жақын арада ресми хабарлама болатынын айтты. Сондықтан телеграм боттың қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы