411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлды карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр

  • 93
  • UPD: 14:47, 02.04.2020
Петропавлды карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында екі елді мекен карантинге жабылды. Қазір олардың қатарына Петропавл қаласын да қосу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, өңірде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алайда халық әлі күнге дейін бұл індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Мамандардың нұсқауларын орындап, қолдан келгенше үйден шықпау қажеттігіне мән бермейді.

«Күннен күнге індетті жұқтырғандар саны артып келеді. Қазір өңірде инфекцияны жинау кезеңі өтіп жатыр деп айтуға болады. Одан кейін аурудың шыңына жетеміз. Кейін жағдай тұрақталады. Бұл әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-3 аптаға созылуы мүмкін. Тек содан кейін ғана беті қайта бастайды. Біз бұл инфекциядан тез құтылғымыз келсе мамандарды тыңдап, үйден шықпауымыз керек.

Сіздер бізге үйде отыру арқылы ғана көмектесе аласыздар. Ал егер ұсыныстар орындалмаған жағдайда бұл ауру ең кемінде 2-3 айға созылуы мүмкін», - дейді Татьяна Горлова.

Татьяна Горлованың айтуынша, қала көшелерінде әлі де бейсауат жүрген адамдарды кездестіруге болады. Сауда орындарында да екі метр ара қашықтықты сақтамайтындар баршылық.

Хабар 24 телеарнасы