418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шұғыл әрекет ету орталығының мамандары күніне 15 мыңға жуық қоңырау қабылдап жүр

  • 204
  • UPD: 18:51, 02.04.2020

Елордадағы шұғыл әрекет ету орталығының жұмысы қыз-қыз қайнап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар күніне 15 мыңға жуық қоңырау қабылдауға мәжбүр. Хабарласқандардың дені, дәрігерлерден көмек сұрайды. Енді бірі, мемлекеттен берілетін жәрдемақыны қалай алуға болатынын нақтылайтын көрінеді.

Мамандардың қызметі қауырт қазір. Тыным таппай еңбек етіп жатыр. Күніне 15 мыңға жуық қоңырау қабылдайды. Арасында үлгермейтін кездері де болады.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

– 190 нөміріне хабарласа алмаған тұрғындар арнайы мобильді қосымша арқылы немесе телеграм канал арқылы өздерін мазалаған сауалдарын жолдаса, мамандар міндетті түрде жауап береміз деп отыр.

Көпті мазалайтын бір сұрақ. Қауіпті кеселден қалай сақтануға болады? Бұқараның бойында үрей басым. Сондықтан шұғыл әрекет ету орталығына терапевт-дәрігерлерді алдырған екен.

Берік Ахметов, қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығы басшысының орынбасары:

– Карантинге дейін 30 маман отыратын. Қазір біз оны 53 санына дейін көбейттік. Біреулері бір күн істеп, 3 күн демалады. Кейбіреулері 2 күн істеп, 5 күн демалады.

Орталық көмегіне қала іргесінде тұратындар да жүгінеді. Қоғамдық көліктер уақытша тоқтағалы олардың қалаға қатынауы да біраз қиындады. Жұрт амалсыз такси жалдап жүр.

Кейбір тұрғын қызметтік көлікке отырады. Жұмыс берушілері арнайы жалдаған.

Қалаға барып, қам қылып жүрген жандардың жағдайы осындай. Дүкендер мен дәріханалардың ашық екенін айтады. Тауарлар бар, бірақ азық-түлік құны аздап қымбаттаған. Жұрт осыған алаңдаулы.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы