430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен күрес: медицина қызметкерлерін ынталандыруға 40,6 млн теңге бөлінеді

  • 596
  • UPD: 16:33, 02.04.2020
Коронавируспен күрес: медицина қызметкерлерін ынталандыруға 40,6 млн теңге бөлінеді Газета Литер

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млн теңге қарастырылады, оның 40,6 млн теңгесі карантиндік шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді.

Үстеме ақылардың мөлшері коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтар бойынша анықталатын болады.

1 топ (қауіптілігі аса жоғары) – реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы бір қызметкерге 20 ЖТМ немесе 850 мың теңгені құрайды;

2-топ – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ құрайды;

3-топ – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстеме ақы 5 ЖТМ құрайды. Бұл 26,3 мың адамды қамтиды.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Президент мәлімдемесінің толық мәтіні

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қанша үстемақы төленеді

Хабар 24 телеарнасы