420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Автомобиль, теміржол, авиация саласындағы ірі компанияларда қысқарту болмайды

  • 247
Автомобиль, теміржол, авиация саласындағы ірі компанияларда қысқарту болмайды СуперОмск

 

Онда еңбек ететін адамдардың барлығының жұмыс орны сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев айтты. Ол үшін министрлік жұмыс берушілермен келісімге келген. Сондай-ақ ведомство өкілі залалсыздандыруға қажет дезинфекциялық құралдар шығару өндірісінің де жолға қойылатындығын еске салды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін әуе, теміржол және автобус қатынасының тоқтағаны мәлім. Теңіз порттары бойынша да дәл солай. Тек жүк тасымалына тосқауыл жоқ. Ал чартерлік рейстер арнайы рұқсат алған жағдайда ғана ұша алады. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы:

– Шетелдегі азаматтар мәселесімен сыртқы істер министрлігі айналысады. Олардың тапсырмасы бойынша қазақстандық азаматтарды алып келуге біздің авиакомпаниялар дайын тұр. Ертең Ыстамбұл мен Делиден тікелей рейс келеді. Егер бізге сыртқы істер министрлігі азаматтарды қай жерден алып кету керектігін айтса, біз дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы