414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы кондитерлік фабрика 100 адамды жұмысқа алмақ

  • 130
Қостанайдағы кондитерлік фабрика 100 адамды жұмысқа алмақ

Билік бір жағынан бизнеске қолдау ретінде салықтық жеңілдіктер жасап жатса, халыққа демеу болсын деп, кей кәсіпорындар халықтың жағдайына көңіл аударуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанай қаласындағы кондитерлік фабрика қазіргі кездегі қиындықтарға қарамастан, жұмыскерлерінің еңбекақысын 15 процентке көтерді. Оның сыртында кәсіпорын қосымша 100 адамды жұмысқа алмақ. Өнімдерінің жартысына жуығын экспортқа шығаратын отандық өндіріс орнына әлемдік дағдарыс әсер етпей қойған жоқ. Бірқатар елмен алыс-беріс азайды. Соған қарамастан, кәсіпорын өндіріс көлемін төмендеткен жоқ. Осы сәуір айында ауыр індеттен айыға бастаған Қытай еліне Қостанай тәттілері қайтадан жіберіле бастайды. Тұрақты жұмыс істеп тұрған фабрикаға жұмысқа сұранушылар аз емес.

Тимур Садықов, кондитерлік фабрика директоры:

– Осы екі күннің ішінде ғана 30 адам келді. Олардың көбісі түрлі жағдайға байланысты жұмыс орындарынан босап қалғандар. Бізге негізінен кондитерлер, слесарь, энергетиктер, бағдарламашылар қажет. Жаңадан алынғандарды екі аптадай оқытып, үйретеміз. Сосын тұрақты жұмысқа орналасады.

Хабар 24 телеарнасы